НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Call-орталығы 10 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Азаматтар Call-орталыққа мына мәселелер бойынша жүгіне алады:
- қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл;
- қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- агенттікке азаматтардан бұрын келіп түскен өтініштердің мәртебесін нақтылау;
- қаржы ұйымдарының жұмысы туралы консультация мәселелері бойынша кеңес алу.
Call-орталық телефоны: +7 (727) 237 1000. Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00 – 16.00 аралығында