26.04.2023 16:49 ЕАЭО елдерінен кредит алатын қазақстандықтардың несие тарихы тексеріледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерінен кредит алғысы келген Қазақстан азаматтарының кредиттік тарихы тексеріліп барып беріледі. Аталған жаңашылдақ туралы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.04.2023 16:35 Алаяқтарға алданғандардың шығынын өтеу банктерге міндеттелмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Несие алуда алаяқтарға алданған қазақстандықтарға шығынды өтеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.04.2023 16:45 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға микронесие беруге тыйым салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – 21 жасқа толмаған азаматтарға микронесие беруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған қаулы-жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 11:34 Ақпан айында қазақстандықтар 715 млрд теңгенің тұтыну кредитін алған АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақпан айында қазақстандықтар 715 млрд теңгенің тұтыну кредитін, 93 млрд теңгенің ипотекасын алған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторының ақпан айындағы жай-күйіне жасаған шоулында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 10:44 Қазақстандықтардың мойнындағы проблемалық несие 12 млрд теңгеге артқан АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторының ақпан айындағы жай-күйіне шолу ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.03.2023 15:38 Bereke Bank инвестор іздеп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Bereke Bank акциялары қашан сатылады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.03.2023 18:34 Қазақстандықтардың банк алдындағы проблемалық қарызы қанша АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы банк секторының активтері 18,4%, ал клиент салымдары 21,5% ұлғайды. Толығырақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.03.2023 17:06 Jusan Bank-тің қазіргі қаржылық жағдайы белгілі болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Талдау барысында «Jusan» тобының активтерін басқару құрылымын өзгертудің көлеңкелі схемасы анықталды. Ал биыл ақпанда аталған банктің кейбір акциялары бұғатталды. Осы орайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктің қазіргі жағдайына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.03.2023 16:16 Банктер мен микроқаржы ұйымдары стрестік активтерді сата бастайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Стрестік активтер нарығын одан әрі дамыту үшін цифрлық платформа жасалады. Бүгінде платформаны құрудың гибридті моделі анықталды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.03.2023 01:20 Қазақстандағы банктердің бір жылдық таза пайдасы 1,5 трлн теңгені құрады АСТАНА. ҚазАқпарат - Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның 6 банкі мен ірі микроқаржы ұйымының рейтингтерін растады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
24.03.2023 13:48 Банкке қарызын 3 айдан аса төлемегендерге несие берілмейді – агенттік ұсынысы АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк алдындағы қарызын 90 күннен аса төлемеген азаматтарға несие беруге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.03.2023 18:27 Былтыр тұтыну кредиттерінің көлемі 7,7 трлн теңгеге жетті – Мадина Әбілқасымова АСТАНА. ҚазАқпарат – Тұтыну бағытындағы микрокредиттердің портфелі 1 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.03.2023 09:08 Қазақстанда ипотека мен тұтынушы қарызын алғандар саны өсті АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл жеке тұлғаларға берілген кредит саны ұлғайып, 14,3 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
28.02.2023 14:16 Коллекторларға қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде коллекторларға қылмыстық жауапкершілікті қайта енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.02.2023 14:02 Микроқаржы ұйымдарына проблемалық кредиттер бойынша талап күшейтілмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Микроқаржы ұйымдарына проблемалық кредиттер бойынша талап күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.02.2023 16:00 Зейнетақы жинақтары инвестиция ретінде шағын және орта бизнеске бағытталуы мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева зейнетақы активтері бағытталатын мүмкіндіктер кеңейілуі ықтимал екенін айтты. Бұл тұрғыда «Даму» қоры кепілдік беретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.02.2023 14:04 Зейнетақы активтерін басқару: Шетел компанияларына қандай талаптар қойылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенатта зейнетақы активтерін басқаруға рейтингі жоғары шетелдік еншілес ұйымдарды тарту ұсынысы талқыланды. Бұл ретте шетелдік компанияларға қатысты бірқатар талаптар қойылатыны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 14:11 Алаяққа алданғандардың 3 пайызы ғана полицияға жүгінеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы сауаты жайлы сауалнама нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.01.2023 13:25 Алаяқтарға көбіне жасы келген кісілер мен әйелдер алданып жатады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы сауаты жайлы сауалнама нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.01.2023 20:09 Халықтың кредит алуын төмендету бойынша қандай шаралар қабылдануда АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда азаматтардың несие алуын азайту жолында қандай шаралар қабылданып, іске асуда. Бұл туралы толығырақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.