+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

ҚР Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді

2021 жылғы 30 шілде 14:50
Бөлісіңіз:
ҚР Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтің желілерде Қырғыз Республикасының аумағында «Ақ Тілек автожол» автомобиль өткізу пунктінің (Қазақстан тарапынан шектес өткізу пункті – «Қарасу») алдында жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпарат пайда болды.

Ұқсас жаңалықтар
Президент: Қытаймен шекарада транзиттік жүктер өтіп, өз жүгіміз қалып қойып жатыр Қаржы министрі бюджеттің кірісін қалай арттыратынын айтты Ақтөбеде рульге ие бола алмай қалған зейнеткер жол апатынан көз жұмды

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша: «2021 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан «Қарасу» өткізу пунктіндегі жүк автокөлік құралдарының саны 50-80 бірлікті құрайды, бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымын ескере отырып, көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай болып табылады».

Жалпы, қазақстан-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері толық көлемде жұмыс істеп тұр.

«Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлік құралымен тауарлар жеткізіледі»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT