ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Минскіде ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлиxан Смайылов Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО кедендік заңнамасын жетілдіру, кедендік-тарифтік реттеу, тауарларды таңбалау, ЕАЭО үшінші елдермен xалықаралық серіктестігі секілді бірқатар сауалдарды жіті талқылады.

Тараптар валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге және либерализациялау шараларын қабылдауға қатысты Келісілген тәсілдер туралы келісім жобасын талқылады. Осы Келісімді қабылдау валюта-қаржы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сыртқы сауда және инвестициялық операцияларға қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарының рөлін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ТМД-ның Экономикалық кеңесінің кезекті отырысы шағын құрамда өтті, онда қатысушылар қызметтерді еркін саудалау жөніндегі келісімнің жобасын дайындау мәселесін сөз етті. Мұнымен қоса Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар