ҚР Қарулы Күштерінде жазғы жауынгерлік оқулар басталды

None
None
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа жазғы оқу кезеңі басталды.

Осыған орай, барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде жауынгерлік оқудың қарқынды және жауапты кезеңін білдіретін салтанатты сапқа тұру шаралары өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

2013 жылғы жауынгерлік сайыстың ұраны «Мықты Армия - мықты Қазақстан!» деп белгіленді. «ҚР Президентінің «Қазақстан -2050 Стратегиясы» атты Жолдауында Қарулы Күштердің алдында тұрған басты міндет ретінде ұлттық қорғаныс қабілеті мен әскери доктринаны нығайту мәселесіне баса назар аударылды. Осыған орай, қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде армияны кәсібилендіру жұмыстары қолға алынып, әскери кадрларды дайындау сапасы мен талаптары арттырылды. Сондай-ақ, жауынгерлік дайындықтардың деңгейі өсіп, қорғаныс өнеркәсібі кешені мен заң шығарушылық әрекеттің шеңберінде көптеген жұмыс атқарылуда», - делінген баспасөз баянында.

«Біздің әрқайсымызда үлкен қажырлылық пен мақсатқа деген ұмтылыс болуы керек. Ал жауынгерлік дайындықтың деңгейін жетілдіруге ең алдымен, кәсібилік пен жеке орындаушылық тәртіп баса қажет»,- деді салтанатты жиында Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

Оның айтуынша, жаңа оқу кезеңі барысында әскери қызметшілер алдында жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру міндеті тұр. Сондықтан да, әскери ведомствоның басшылығы «Мықты Армия - мықты Қазақстан!» атты жауынгерлік сайысының жылдық ұраны өз мазмұнын ақтап, сарбаздар оқу жылын сапалы көрсеткіштермен аяқтайтынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар