ҚР Қарулы Күштерінде үш тілді меңгерген әскери қызметшілер анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» жобасы аясында Қорғаныс министрлігінде «Тіл шебері-2018» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шарада 21-29 жас аралығындағы әскери қызметшілер қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуден бақ сынады. Байқау таныстыру, ұлтты тану және өнертану кезеңдерінен тұрды.

nullҚатысушылар үш тілді меңгеру деңгейлерін көрсетумен қатар, Қазақстан тарихы, қазіргі заман өнері мен мәдениеті жайындағы сұрақтарға да жауап берді. Қазылар алқасы жауаптардың жылдамдығына, сапасына және мазмұнына мән берді.

nullБайқау қорытындылары бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының аға сержанты Нарын Әшімов жеңімпаз атанды. Екінші орынды ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бөлім бастығы капитан Жансая Омарова иеленсе, үшінші орынға ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекциялық қамту орталығының бөлім офицері лейтенант Диас Өсербаев тұрақтады.

 

Соңғы жаңалықтар