ҚР Қарулы күштерінде мыңнан астам тәрбиеші-офицер жұмыс істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Қарулы Күштері тәрбиешілерінің институты өзінің құрылғана 26 жыл толуын атап өтуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1993 жылдың 19 қаңтарында Елбасының Жарлығымен қазақстандық армияда командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты құрылды. Осы сәттен бастап Қарулы Күштердің қалыптасуы және дамуымен байланысты тәрбие жұмыстары органдарының тарихы бастау алды. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде мыңға жуық тәрбие құрылымдарының офицерлері - жеке құраммен жұмыс жасаудағы барлық деңгейдегі мамандар, әскери бөлімдердегі идеологиялық және психологиялық жұмыс мамандары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары мен оқу орталықтарындағы оқытушылар қызметтік міндеттерін атқарып келеді.

null26 жыл ішінде тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлермен бірлесе әскери ұжымдарда моральдық-адамгершілік жағдайды қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру, жеке құрамның абырой мен намысын қорғауды қамтамасыз ету, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін қыруар жұмыс атқарды. Алайда, мұнымен тәрбиешілер институты өзінің дамуын тоқтатпайды. Жыл сайын іс-шаралардың тұтас кешені іске асырылады.null

Қазіргі уақытта еліміздің Қарулы Күштерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстың біртұтас жүйесі қалыптасқанын сеніммен айтуға болады. Қоғамда әскери қызметшінің кәсібі мен әскери қызметтің өсіп келе жатқан беделі, сондай-ақ әскери ұжымдардың жоғары жауынгерлік рухы мен жұмылуы осының айқын дәлелі.

Соңғы жаңалықтар