+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

ҚР Қарулы Күштері Абай шыңына ұлы ақынның ескерткіш тақтасын орнаты

2020 жылғы 20 қыркүйек 11:40
Бөлісіңіз:
ҚР Қарулы Күштері Абай шыңына ұлы ақынның ескерткіш тақтасын орнаты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері 4010 метр биіктікте Іле Алатауы жотасының сілемінде орналасқан Абай шыңына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Арыстың зиялы қауымы Абайдың ауылына аттанды Ақтөбеде Абайдың еңселі ескерткіші бой көтерді Мың күбі: Жаңаарқада қымыз піскен қыздың ескерткіші бой көтерді

Акция қазақтың ұлы ойшылы, жазушы және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының мерейтойына орайластырылды.

Жарысқа қатысушылар маршрут бойынша қозғалысты «Тұйықсу қақпасы» базалық лагерінен бастады. Әскери қызметшілер күрделі сейсмикалық қауіпті учаскелер мен жартастарды еңсеру барысында жауынгерлік машықтары мен шеберліктерін көрсетті. Топ құрамында алғаш рет осы биіктікті бағындырған альпинистер де болды.

Әскери қызметшілер шыңды бағындырғаннан кейін оған Қазақстан Республикасының туын тікті. Сондай-ақ, шың басына Қарулы Күштер атынан ескерткіш мәрмәр тақта орнатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT