ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Малайзия елшісімен инвестициялық ынтымақтастықты сөз етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Малайзия елшісі Саид Мохаммад Бакри Саид Абд Рахманмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кезекті мәселелері сөз болды.

Арыстан Қабыкеновтің айтуынша, осы уақытта іскерлік ынтымақтастықты жетілдіруге барлық қажетті база қалыптасқан, ал министрлік өзінің құзыретіне қарай осы екіжақты ынтымақтастықты кеңейте түсуге мүдделі.

Қазақстанда соңғы 5 жылда салмақты реформалар жүзеге асырылып, олар елдегі бизнес-ортаның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етті. Бүкіләлемдік банктің рейтингінде Қазақстан «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» индексі бойынша 16-шы орынға алға жылжып, 35-ші орынға тұрақтады. Бұған қоса, биылғы жылы Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭФДҰ) Инвестициялар бойынша комитетіне «ассоцияцияланған мүшесі» ретінде кіреді. Осыған байланысты инвестициялық климатты одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар тағы жаңа заңнамалық жаңалықтар енгізілуде.

«Біз екі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз»,-деді вице-министр экспорттық тауарларды Майлайзия нарығына кіргізуге мүдделі екендігін танытып.

Малайзия елшісі Саид Мохамад Бакри өз кезегінде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Соңғы жаңалықтар