ҚР ІІМ жүргізушілер қандай жағдайларда полиция қызметкерлеріне жеке көліктерін пайдалануға беруге міндетті екенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүргізушілер қажет жағдайда Қазақстан полициясына жеке көліктерін уақытша пайдалануға беруге міндетті.

Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қанат Сәдуақасов мәлім етті. «Жол жүрісі туралы» заңда қазіргі кезде көлік құралдарын себепсіз тоқтауға тыйым салынған, тек қана ереже бұзғанда ғана тоқтатылады. Яғни, полицейлер көлікті бірінші кезекте жол қозғалысы ережесін бұзғанда, екіншіден - ұрланған көліктерді іздестіру бойынша жұмыс жүрген кезде, үшіншіден - шұғыл көмекке зәру адамды «жедел жәрдемге» жеткізу үшін жеке көлікті ұсыну қажеттілігі бар», - деді Қ.Сәдуақасов. Айта кетейік, жаңа жол қозғалысы қағидасына сәйкес, полицейлер азаматтардың жеке көліктерін қылмыскерді қудалауға, оқиға орнына жету үшін, төтенше және әскери жағдай кезеңінде, сондай-ақ қарулы қақтығыс жағдайында, медициналық көмекке зәру адамды шұғыл жеткізуге пайдалана алады. Егер осы жағдайларда азаматтың жеке көлігіне зақым келтірілсе, Қазақстан полициясы материалдық шығынын, сондай-ақ тұтынылған жанар-жағармайдың орнын толтырады.

Соңғы жаңалықтар