ҚР ІІМ жеке куәліктерді уақытында ауыстыруды ескертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі 2009 жылдан бастап берілген электронды ақпарат тасымалдаушысы бар жеке куәліктерді уақытында ауыстыру қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 2009 жылдан бастап Қазақстанда ел азаматтарына жеке басты куәландыратын биометриялық құжат беріле бастады.  Халықаралық стандарттарға сәйкес, олардың жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды және келесі жылы аяқталады.

«Осыған орай ІІМ жарамдылық мерзімі аяқталатын жеке басты куәландыратын құжатты дер кезінде ауыстыру қажеттілігін ескертеді. Құжатты республика аумағындағы кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыруға болады. Сонымен қатар, құжаттың ескі үлгісін жаңасына (дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес түрі өзгертілген) ауыстыруға ниет білдірген жағдайда оны ХҚКО-ға бармай-ақ «электронды үкімет» порталы арқылы сұраныс жіберіп рәсімдеуге болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Ескерте кетерлігі, қолданыстағы құжатты жаңасына рәсімдеуге бұрынғы жарамдылық мерзімінің аяқталуына 1 ай қалған кезде ғана рұқсат беріледі. Мұндай шара азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалып отыр.

Соңғы жаңалықтар