ҚР ІІМ заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы 15 сәуірден басталатынын хабарлады
АСТАНА. ҚазҚоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2016 жылғы 15 сәуірден бастап, республика аумағында халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.
Атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау әрбір аумақтық ішкі істер органдарында комиссиялық түрде жүргізілетін болады.
Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.
- Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
- Жаппай тәртіпсіздік: Жамбыл облысында 84 адам әкімшілік қамауға алынды
- Мұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр – ҚТЖ
- ІІМ: Қылмыскерлер полиция мен әскерилердің киімін киіп заңсыздықтар жасады
-
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 16 полиция қызметкері көз жұмды
-
Ерлан Тұғымбаев Алматыдағы жағдай туралы: Әуежайды басып алуға 800 адам қатысқан
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам





