ҚР ІІМ тұтқында болған бойжеткеннің қалай құтқарылғандығын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі тұтқында болған бойжеткеннің қалай құтқарылғандығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің арнайы операцияны сәтті өткізуінің нәтижесінде тұтқында болған 18 жастағы бойжеткен құтқарылды. Қылмыс алдын ала келісіп алған топтың 9 тамыз күні тұрғын үйге қару қолданып басып кіруі арқылы жасалған. Шабуылдың салдарынан ұрланған бойжеткеннің туысы травматикалық қарудан оқ жарақатын алған», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

Оның сөзіне қарағанда, басты күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар