ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметі күшейтіледі
Оның айтуынша, бүгінде Үкіметтің қарауында жатқан ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жеке бөлім бар.
«Полицейлер кейде жемқорлық әрекетке барып жатады. Мұндай оқиғалар кездеседі және олар сот тәжірибесіндегі құқықтық, қылмыстық статистикаларда бар. Сондықтан ең алдымен полиция көрсететін барлық мемлекеттік органдарды барынша автоматтандыру керек. Полицияның көптеген бөлімшелері халыққа мемлекеттік қызметпен айналысады. Демек, аталған процестерді автоматтандыру полиция қызметкерлеріне нақты қызмет алушыдан бөлектейді», - деді ол.
Қоғамдық кеңес төрағасының айтуынша, тәртіптік жауапкершілік мәселесі де қатаңдатылады.
«Тәртіптік жауапкершілік күшейтіліп, бағынышты қызметкері адамгершілік, заң нормаларынан бұрыс кетсе, бірінші басшысы да, құқық бұзушы да қатаң жауапқа тартылады», - деді Марат Қоғамов.
Осы ретте ол ішкі істер органдарындағы өзіндік қауіпсіздік қызметі күшейтілетіндігін баса айтты.
«Жол картасының жобасында Ішкі істер министрлігінің ішкі, өзіндік қауіпсіздік қызметін күшейту және дамытуға баса мән берілген. Олар полиция қатарындағы жемқорлармен күресіп, адал қызметкерлерді қылмысты ашу және тергеу барысында құқыққа қайшы әрекеттерден қорғайды», - деді ол.