+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

ҚР ІІМ оқу орталығының бөлім басшысы сотталды

2020 жылғы 12 ақпан 17:16
Бөлісіңіз:
ҚР ІІМ оқу орталығының бөлім басшысы сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі оқу орталығының бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық блогер карантинге қарамастан Оралда кеш өткізген Францияда білгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдап, 2 адамды мерт қылды БҚО-да мас күйінде жол-көлік апатын жасаған тұрғын 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ҚР ІІМ «Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы» (Шымкент қ.) мемлекеттік мекемесінің техникалық бөлім басшысы азамат Б.Дарханбаев материалдық жауапкершілікке ие бола отырып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті заңсыз иемденіп алғаны анықталды.

Азамат Б.Дарханбаев 2016 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 тамызы аралығында мекемеге жанар-жағармаймен жабдықтаушы серіктестіктер жеткізген жалпы құны 7 672 100 теңгені құрайтын АИ-92 маркалы 31 937 литр бензин мен 18 202 литр дизель отынын иемденіп алды.

Оған қоса, азамат Б.Дарханбаевтың жасаған қылмысын жасыру мақсатында құқықтар беретін және міндеттерден босататын құжаттарды, лазерлік принтерді пайдалана отырып, 10 және 20 литрлік 1770 дана бензин талондарын, 888 дана дизельдік отын талондарын қолдан жасағандығы дәлелденген.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкіміне сәйкес Б.Дарханбаев ҚР ҚК-нің 189-бабы, 3-бөлігінің 1-тармағы (осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар iрi мөлшерде жасалса) және 385-бабының 1-бөлігі (құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не мұндай құжатты өткiзу, сол сияқты қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттiк наградаларын дайындау немесе өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл және 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT