ҚР ІІМ-нің департамент басшысы 136 млн теңгені жымқырды деген күдікпен үйқамаққа алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ департаментінің басшысы 136 млн теңгені жымқырды деген күдікпен үй қамаққа алынды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Х салық конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев хабарлады.

Оның айтуынша, 5 қарашада ІІМ жедел-қылмыс департаментінің басшысы Қайрат Аманқұлов 136 млн теңге қымқырды деген күдікпен ұсталып, үй қамаққа алынды. Шенеунік мемлекеттік сатып алу бойынша өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған. 2012 жылы ол талапқа сәйкес келмейтін криминалистік техниканы шамадан тыс қымбат бағаға сатып алған. Сондай-ақ 4,5 млн теңге көлемінде пара алған ҚР Қаржы министрлігінің республикалық көшпелі комиссиясының төрағасы Төреқожаев ұсталды. «Өткен 9 айда жүргізілген шаралардың арқасында 1424 жемқорлық әрекет әшкереленді. 795 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Олардың 9-ы республикалық деңгейдегі жетекші болса, 50-і аймақтық деңгейдегі қызметкерлер», - деді А.Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар