ҚР ІІМ Қылмыстық әлемнің серкесі «Дикий Арманның» қалай ұсталғанын мәлім етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыс әлемінің серкесі, «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиевтің қалай ұсталғаны туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталды»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР ІІМ-нің дерегінше, қылмыскерлер оларды ұстау кезінде қарсылық көрсетуге тырысты.

«Алайда, полицияның табанды әрекеттерінің нәтижесінде қылмыскерлер ойлаған мақсатына жете алмады. Ұстау барысында күдіктілерден маркалары мен калибрі әртүрлі 4 жартылай автоматты тапанша және олардың оқ-дәрілері, суық қару мен брондалған автомобиль алынды»,-деп нақтылады министрлік өкілдері.

Осыған дейін полиция Алматыда қылмыс әлемінде танымал Арман Жұмакелдиевтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар