ҚР ІІМ «электрондық үкімет» арқылы 19 мемлекеттік қызмет көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқық қорғау функцияларымен қатар ІІМ-ге халыққа түрлі мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі жүктелген. Олардың саны - 39. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.
«Бұл азаматтарған жеке куәлік, төлқұжат, мекенжай анықтамасын ресімдеу және беру, азаматтарды тіркеу, азаматтық қару және т.б. тіркеу қызметтері», - деп атап өтті министр.
Қызметтерге халықтың қолжетімділігін жеңілдету мақсатында қызметтердің 19-ы «электрондық үкімет» арқылы электрондық форматқа ауыстырылды.
Қызметтердің елеулі бөлігі (бұл төлқұжат, жеке куәлік беру, тұрғылықты жер бойынша тіркеу, мекенжай анықтамаларын беру) жалпы ХҚКО-лар арқылы көрсетіледі.
Бұдан басқа, 11 облыс орталығында (Астана, Алматы, Ақтау, Семей, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Талдықорған, Павлодар, Петропавл, Қызылорда) мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді. Онда көліктер тіркеліп, оған техникалық паспорт беріледі, емтихандар қабылданып, азаматтарға жүргізушілік куәлік беріледі.
Мұндай мамандандырылған ХҚКО-ны барлық қалған облыс орталықтарында (Атырау, Көкшетау, Орал, Өскемен, Шымкент) ашу жоспарлануда.
- Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
- Жаппай тәртіпсіздік: Жамбыл облысында 84 адам әкімшілік қамауға алынды
- ІІМ: Қылмыскерлер полиция мен әскерилердің киімін киіп заңсыздықтар жасады
- Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 16 полиция қызметкері көз жұмды
-
Ерлан Тұғымбаев Алматыдағы жағдай туралы: Әуежайды басып алуға 800 адам қатысқан
-
Ерлан Тұрғымбаев: Алматыдағы оқиғаларға байланысты 125 сотқа дейінгі тергеу басталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам





