+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

ҚР ІІМ Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланғанын растады

2019 жылғы 1 сәуір 11:27
Бөлісіңіз:
ҚР ІІМ Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланғанын растады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жүзуден Олимпиада жеңімпазы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлау фактісіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынында, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлау фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камералары аталмыш қылмысты түсіріп алған. Сол себепті, Алматы қаласының Полиция департаментінің жедел қызметкерлері аталған қылмысты жасағандарды ұстайды деген үміттеміз», - деді Юрий Ильин Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, кеше бірқатар БАҚ көздері Алматыда белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрлап кеткені туралы хабарлама таратқан болатын. Баландин достарымен дәмханада тамақтанып шыққаннан кейін, машинасының айнасып таппай қалған. Ұрлық туралы полицияға хабар берген.

«Көлігімнің маркасы Toyota Land Cruiser. Оны Олимпиададан кейін сыйлаған болатын. Бір айнаның бағасы 400 мың теңге шамасында. Айна ұрлығы әлі тоқтаған жоқ. Біздің халық өзгермейді», - деп келтірген болатын спортшының сөздерін inalmaty.kz сайты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT