ҚР ІІМ-де синтетикалық есірткілермен күрес мәселесі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қазанда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Ведомствоаралық штабтың мүшелері: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс, Ақпарат және коммуникациялар, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер министрліктерінің, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер және қаржы мониторингі комитеттерінің басшылары, сондай-ақ Ұлттық банк, Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының және «QIWI Kazakhstan» ЖШС-ның өкілдері қатысты.

Штаб отырысы барысында синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы күрес мәселелері, сондай-ақ инъекциялық есірткілерді тұтынатын нашқорларды емдеуде апиынды алмастырушы терапияны бұдан әрі қолдану перспективалары қаралды.

Негізгі екпін жаңа жүйкеге әсер ететін заттарды таратудың, осы мақсатта Интернет- ресурстарды, мессенджерлерді және электронды төлем жүйелерін пайдаланудың жолын кесуге жасалды.

Сонымен қатар есірткілік заттарды заңсыз тарату саласындағы қылмыстарды сотқа дейінгі тергеу шеңберінде алынатын заттардың сот-химиялық сараптамаларын жүргізу мәселелері талқыланды.

Осыған дейін Елбасы тапсырмасы бойынша ІІМ полицияны жаңғырту жөніндегі жол картасын әзірлеуге кіріскендігі жазылды.

Соңғы жаңалықтар