+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

ҚР ІІМ-де 1,4 мың басшылық лауазым қысқартылды

2021 жылғы 11 маусым 12:15
Бөлісіңіз:
ҚР ІІМ-де 1,4 мың басшылық лауазым қысқартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық полицейлер жаңа формаға ауысады Мектептердің тек 6% ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан - Тұрғымбаев Қазақстандықтарды алдайтын шетелдіктер көбейді

«Ішкі істер органдарын реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты ерекше атап өткім келеді. 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 3 жылға арналған Жол картасы қабылданды. Ол бойынша мынадай нәтиже бар: қызметкерлердің штаттық саны 13,5 мыңға қысқарды; 106 басқару бөлімдері мен 1483 басшылық лауазымдар таратылды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бүгінде полицейлердің саны 100 мың тұрғынға шаққанда 471-ден 369-ға дейін азайды.

«Бұл еуропалық елдермен сәйкес келеді. Әкімшілік шығындар азайды. Жұмыс үшін қажетті жағдайлар жасалды: әлеуметтік қорғау, тұрғын үй жағдайлары жақсарды, қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Қызметкерлерді оқыту жүйесу қайта қаралды. Қызметке қабылдау талаптары күшейді. Полиция қызметін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Енді полицияның жұмысына халық баға береді. Тәуелсіз институттар әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қауіпсіздік деңгейі және халықтың полицияға сенімі бойынша бағалайды», -деді Ерлан Тұрғымбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT