ҚР ІІМ аппарат басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ведомствоның аппарат басшысы қызметіне Жанат Ешмағамбетов тағайындалды. Бұл жайында ҚР ІІМ кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанат Болатұлы 1970 жылдың 9 қыркүйегінде Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехикалық институтын, Қарағанды экономика университетін бітірген. Ұлттық қауіпсіздік органдарында, ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімінде, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында жұмыс істеген.

Әр жылдары Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмысымен күрес департаменттерінің бастығы болған. ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы, Сот актілерін орындау департаментінің бастығы, Әділет министрі қызметтерін атқарған.

Фото: https://www.kp.kz

Соңғы жаңалықтар