ҚР ІІМ Алматыдағы адамды бөлшектеп кеткен жол апатын тексеруді қайта қолға алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Алматыдағы адамды бөлшектеп тастаған жол апатын тексеруді қайта қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов dialog.egov.kz электронды үкімет сайтындағы блогында жауап берді.

Министр аталған жол апаты бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім бұзылғанын хабарлады.

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық істі Алматы қалалық ІІД анықтау басқармасы қайта қарауға алып, тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Мұның алдында министр аталған дерек бойынша қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Айта кету керек, жол апаты 30 шілде күні түнгі 2 шамасында болған.

19 жастағы жігіт тізгіндеген Мерседес көлігі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай келе жатып, Сейфуллин көшесіне жетпей жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Соның салдарынан 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Алдыңғы әйнектің сынықтарына марқұмның денесі екіге бөлініп, кеуде тұсы көліктің ішінде қалып қойған. Ал қол-аяғы жол үстінде шашылып қалды.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен, 347-бабымен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі тізіліміне тіркелді.

Соңғы жаңалықтар