ҚР ІІМ Алматы облысында колониядағы заңсыз әрекеттер бейнеленген видеоны тексереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы облысында колониядағы заңсыз әрекеттер бейнеленген видеоны тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Интернет желісінде Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/8 мекемесі қызметкерлері мен осы колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушылардың заңсыз әрекеттері бейнеленген видео тарады», - делінген хабарламада.

Факті бойынша қызметтік тексеру басталды.

Мекемеде тексеру жүргізу үшін облыстық полиция департаменті Жеке қауіпсіздік басқармасы Тергеу-жедел тобы бағытталды.

Соңғы жаңалықтар