ҚР ІІМ Алматы академиясы Қытай университетімен ынтымақтастық орнатпақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ІІМ Алматы академиясына ҚХР-дан Қытай халықтық қоғамдық қауіпсіздік университетінің делегациясы келді. Олар отандық оқу орнымен лаңкестікке және есірткі бизнесіне қарсы күресте күш біріктірмек.

Шетелдік қонақтар бүгін академия қабырғасында өткен «Лаңкестік әрекетке қарсы тұру мәселелері: отандық және шетелдік тәжірибе» атты халықаралық конференцияға қатысты. Айта кету керек, 2 жыл бұрын ҚР ІІМ министрі Қалмахамбет Қасымов ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Бүгінгі кездесу осы уағдаластық аясында өтіп жатыр. «Біз Қазақстанға лаңкестікке қарсы және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында өтетін халықаралық конференцияға келдік. Бүгінгі жиында алынған ақпарат университет қабырғасында оқыту бағдарламасына енетін болады. Сондай-ақ алматылық әріптестерімізбен байланыс орнату, олардың білім беру тәжірибесін көруді мақсат тұтып отырмыз. Алматы академиясымен университеттік деңгейде өзара студент және оқытушы алмасып, біріккен жобаларды ұйымдастыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға ниет етіп отырмыз. Біздің академия әлемнің 20 шақты әскери ЖОО-сымен келісімге келген», - деді Қытай халықтық қоғамдық қауіпсіздік университеті басшысының орынбасары Ли ЦзяньХэ. Екі күн ішінде әскери оқу орындарының ұстаздары әлемдегі лаңкестіктің өсу көрсеткішін талқылап, отандық және шетелдік заңнаманың олқы тұстарын тілге тиек етпек. Сондай-ақ қос тарап осындай ауқымды проблемаларды шешуге бағытталған күрес тетіктерін, мамандар даярлау мәселесін талқыламақ.

Соңғы жаңалықтар