ҚР ІІМ әкімшілік тұтқындағы азаматтың өліміне қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Жезқазған қалалық Ішкі істер басқармасының қабылдау-тарату камерасында әкімшілік тұтқынға алынған адамның өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевтың айтуынша, ол сот қаулысымен жазасын өтеп жатқан. Өлікті сою актісіне сәйкес оның өліміне жүректің өткір тыныс жеткіліксіздігі, екі жақты  крупоздық пневмония себеп болған.

«Қамау және қабылдау-тарату орнында ұстау барысында денсаулығына шағымданбаған. Бұған қоса, қамауға алу барысында фельдшерден тексеруден өткен. Фельдшердің сөзіне қарағанда, қаза тапқан азамат өзін жайсыз сезінетіндігіне шағымданған. Және де мұндай хал-жағдай ішімдік ішкеннен кейін жиі болатындығын және 2-3 күннен кейін өздігенен кететінін, созылмалы аурулары жоқтығын айтқан», - деді ресми өкіл.

Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, қайтыс болған адам маскүнем ретінде наркологиялық диспенсерде есепте тұрған.

«Фельдшер тексергеннен кейін «бас жазу синдромы» деп диагноз қойған. Корвалол, аспирин дәрілерін қабылдау белгіленген. Дегенмен, барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіледі», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар