ҚР ІІМ 8 адам ажал құшқан «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы апат жайында мәлімет берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахманов 8 адам ажал құшқан «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы апат жайында мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік апаты таңғы сағат 5 шамасында «Қызылорда-Құмкөл» автожолында орын алды. Қазіргі уақытта 8 адам қаза тауып, 21 адам зардап шеккен«, - деді ол Үкімет отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, жол тайғақ болғандықтан автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан автобус аударылған.

«Қазіргі уақытта тергеу органдары жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпараттарды хабарлаймыз. Автотехникалық сараптама жүргізіледі. Жедел тергеу тобы мен жол-техникалық инспекция жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметкерлері тас жолды тексеруде. Ол Шымкентте тіркелген мұнай компаниясының ведомстволық автобусы, Құмкөлде жұмыс істеген», - деді Жанат Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар