+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚР ИИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жаңа төраға келді

2020 жылғы 15 шілде 12:16
Бөлісіңіз:
ҚР ИИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жаңа төраға келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарабаев Марат Кәрімжанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сәкен Сәрсенов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды Степногорскіде ПХД-қалдықтарын утилизациялау зауыты болмайды – Экология министрлігі ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – «Өндірістік-жүйелік инженерия» мамандығы бойынша үздік аяқтаған, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Түрлі жылдары мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқарды.

2011 мен 2013 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы және бас сарапшы болып қызмет атқарды.

2013 жылдан ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Транзит және көлік логистикасы департаментінде басқарма басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2014 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациядық даму басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылғы қарашадан бастап 2017 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациядық даму және туризм басқармасының басшысы лауазымында болды.

2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілде аралығында ҚР Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінде, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің, сосын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT