ҚР ИИДМ: Австрияның бизнес өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австрия делегациясы қазақстандық бизнеске Австрия аумағында өндірілген кез келген қажетті технологияны табуға мүмкіндік беретін TECXPORT жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Австрияның Цифрландыру және экономика федералды министрлігінің Экономика, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы, Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Флориан Фраушермен кездесті.

Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықтың, аэронавигациялық ақпаратты басқарудың бірлескен жобаларын, сондай-ақ радиотехникалық жабдықты жеткізу перспективаларын талқылады.

Австрия делегациясы қазақстандық бизнеске Австрия аумағында өндірілген кез келген қажетті технологияны табуға мүмкіндік беретін TECXPORT жобасын таныстырды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Австрия арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Флориан Фраушер Қазақстанның Австрия үшін Орталық Азиядағы маңызды әріптес екенін және өзара қарым-қатынасты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Вице-министр Руслан Баймишев өз кезегінде Австрия Қазақстанның Еуропа Одағы елдеріндегі стратегиялық маңызды сауда-экономикалық әріптесі екеніне тоқталды.

Кездесуге ҚР ИИДМ құрылымдық бөлімшелерінің, «Қазаэронавигация» РМК өкілдері және Австрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Вилли Кемпель қатысты.


Соңғы жаңалықтар