ҚР ИДМ: Жылу беру маусымында көмір тапшылығы болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезекті жылу беру маңсымында елімізде көмір тапшылығы болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Байытов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз көмір тапшылығы орын алмайды және 1 тоннасы 10-16 мың теңге, кейбір жерлерде тасымалдау ұзақтығына байланысты 18-19 мың теңге болады деп санаймыз», - деді ол.

Оның айтуынша, алдағы жылу беру маусымына дайындық бойынша ауқымды жұмыстар басталған. Мәселен, ендігі уақытта энергетикалық көмірге Энергетика министрлігі, ал коммуналдық-тұрмыстық және халыққа арналған көмір үшін Инвестициялар және даму министрлігі жауапты болады.

«Ағымдағы жылдың тамыз айында қажетті көмірдің 70 пайыздан астамы діттеген жеріне жеткізілді. Дегенмен көмір жеткізілмеген өңірлер де бар. Мәселен, Қызылорда облысына климаттық жағдайларға байланысты әлі жеткізілген жоқ. Қазір ол жаққа көмір апарудың еш мәні жоқ болғандықтан қыркүйек-қазан айларына шегерілген. Біз жергілікті атқарушы органдармен қоймаларда қанша көмір бар екеніне, бағасы қандай екеніне қатысты мәліметтерді күнделікті жинап отырамыз», - деді Қанат Байытов.

 

Соңғы жаңалықтар