ҚР ИДМ теміржол билеттері бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде кейбір бағыттар бойынша теміржол билеттерінің қымбаттау себебіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев жеке бағыттар бойынша «Тұлпар-Тальго» пойызына билеттер құнының қымбаттау себебін түсіндірді.

«Азаматтар үшін билеттер құнының қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін мемлекет 57 маршрутты субсидиялап жатыр. Дегенмен, «Тұлпар-Тальго» пойызы іске қосқан коммерциялық маршруттар да бар. Ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды, сәйкесінше оған тасымалдаушы пайда табу үшін толықтай өзі қызмет көрсетеді», - деді Ә.Асавбаев баспасөз мәслихатында.

Осыған байланысты «Тұлпар-Тальго» коммерциялық маршрут, оның билеттердің бағасына қатысты саясатын комитет реттей алмайды.
«Алайда, бағалардың өсуі біздің де көңілімізден шықпай отыр. Осы себепті билеттердің құнын, соның ішінде коммерциялық маршруттардың билеттерінің бағасын заңнамамен реттеу жоспарланған», - деді ол.

Қазіргі уақытта комитет мереке күндері теміржол билеттері құнының өсуіне қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар