ҚР ИДМ «сұр сертификаттармен» күресу алгоритмін әзірледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің нарығына қауіпті өнімдерді кіргізбеу және «сұр сертификаттардың» бірілгені туралы фактілерге шұғыл шара қолдану мақсатында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Мемлекеттік бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Алгоритмге сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті ай сайын шартты түрде шығарылған тауарларды қоса алғанда, тауарлар импорты бойынша сыртқы сауда саласындағы мәліметтерді мониторингілеу және берілген сәйкестікті бағалау құжаттар тізілімімен салыстыру үшін Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолдайды. Жүргізілген процедуралар қорытындысы бойынша, комитет өңделген мәліметтерді өзінің аумақтық департаменттеріне, сонымен қоса ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды. Бұдан әрі үш комитеттің аумақтық департаменттері, Техникалық реттеу және метрология комитеті өңдеген мәліметтердің негізінде қауіпті өнімдерді шығару және өткізуге жол бермеу шараларын қолданады.

Қазіргі уақытта Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті алгоритмді шұғыл мәліметтермен алмасу және өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асыру тәсілдері дайындалды. Сондай-ақ, Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өнімдері бойынша жүргізілген тексерулерге департамент қызметкерлерінің қатысуы туралы келісімге қол жеткізілді.

 

Соңғы жаңалықтар