ҚР ИДМ комитетінің бұрынғы басшысы сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пара алды деген айыпқа іліккен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы төрағасы Базарбай Нұрабаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрабаев Базарбай Қанайұлы ҚР ҚК-нің 361-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылсын. 58-бапты ескере отырып, Нұрабаев Базарбай Қанайұлына мүлкінің тәркіленуімен, мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымда өмір бойы қызмет ету құқығынан айыра отырып, 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья Асхат Әшірбеков.

Сонымен бірге, «СК Петролиум» ЖШС-мен байланысты айыптауға қатысты ҚР ҚК-нің 366 бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен, кінәсіз деп танылды.

«Ол «Сырдария Қызыл миа» ЖШС-мен байланысты айыптауға қатысты ҚР ҚК-нің 366 бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары бойынша айыбы дәлелденбегендіктен ақталды деп танылсын. Нұрабаев бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіптілігі орташа мекемесінде өтесін», - деген шешім шығарды судья.

Соңғы жаңалықтар