ҚР ИДМ Алматы облысында тікұшақтың құлау себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Алматы облысында тікұшақтың құлау себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 8.20-да Алматы облысындағы Қапал елді мекеніне бұрылыстан үш шақырым жерде шатқалда жоғалған MD-600 тікұшағының сынықтары табылды. Бортта болған адамдардың бәрі қаза тапқан.

Іздестіру жұмыстары 18 іздеу тобымен 27 қаңтарда түнде және 26 группамен 28 қаңтарда жүргізілді. Іздеу тобының қатарында Алматы облысы бойынша ТЖ және ішкі істер департаменттерінің, Ұлттық гвардияның, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҰҚК-нің күштері кірді.

Сондай-ақ, Ескелді ауылынан 60 тұрғын және Ақсу ауданынан 100 адам, 80 ерікті қатысты. Іздеу жұмыстарына 560 адам мен 98 бірлік техника тартылған. Тікұшақты іздестіру бойынша жұмыстардың қарқыны түнде де бәсеңдеген жоқ және 28 қаңтардың 09:00 сағатына дейін жалғасты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қозғаған қылмыстық ісі шеңберінде қажетті жедел- iздестiру қызметi жүзеге асырылуда.

Апат себептерін тергеу жұмыстары Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бақылауында.

Қиын жерлерде тікұшақты кедергісіз іздестіруге былтыр жергілікті бюджет есебінен Алматы облыстық ТЖ департаментіне сатып алынған «Шаман», «Трекол» сынды жоғары өту қабілеті бар көліктердің септігі тиді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко оқиға орнына келген болатын. Онда ол Ақын Сара ауданына қарасты Ақтума ауылында штаб тырысын өткізіп, әкімдік, ІІД, ТЖД өкілдерін, тергеу тобының жетекшісін тыңдады. Сонымен қатар тікұшақтың құлаған орнын көріп шықты.

Қазіргі уақытта қаза болғандардың туыстарына кәсіби психологиялық көмек көрсетілуде. Жедел желі телефоны жұмыс істеуді жалғастыруда, қазіргі уақытқа дейін оған 192 рет қоңырау соғылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қаза болғандардың туыстары мен отбасыларын аралауда.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлағанындай, олардың отбасылары мен жақындарына қаржылық көмек көрсетіледі.

Оқиға орнына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі орынбасары Алексей Цой ҚР және Санитариялық авиация республикалық орталығының басшылары келді .

Билік органдары қаза тапқан адамдардың жақындарына жерлеуге қатысты шығындарды өтеу туралы шешім қабылданды.

Жедел-іздестіру тобының жұмысы жалғасуда, олардың саны арттырылды. Оларға жергілікті полициямен бірлескен жұмысын оңтайландыру бойынша нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Соңғы жаңалықтар