ҚР Фармөндірушілері қауымдастығының басшысы Серік Сұлтанов дүниеден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілері қауымдастығы ЗТБ, «Медициналық техника жеткізушілерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті Серік Сұлтанов 58 жасында өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайғылы жаңалық! Фармацевтикалық саланың және отандық фармөнеркәсібінің ең жарқын ұйымдастырушыларының бірі Серік Сұлтанов өмірден өтті. Ол әрдайым бірінші болды - Дәрілік заттар сараптамасы ұлттық орталығының бірінші бас директоры, Фармация комитетінің бірінші төрағасы, Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібінің тұңғыш ұйымдастырушысы, Фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының алғашқы және тұрақты президенті. Бірінші мамандығы бойынша фармацевт болмаса-дағы ол бұл саладағы ең білімді мамандардың бірі еді... Соңғы жылдары оның сырқаты туралы білгендер оның еңбекқорлығына әрдайым таңданатын», - деп жазды Facebook-тегі парақшасына  Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.  

Сұлтанов Серік Егелұлы 1959 жылы 9 қазанда Павлодар облысының Панфилово ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1990-1998 жылдары Павлодар қаласындағы бірреттік шприцтерді өндіретін «Мед-полимер» АҚ зауытында бас директор қызметінен бастады. Зауыттың негізін қалаушы.

1998-2002 жж. - «Дәрілік заттар сараптамасы ұлттық орталығының» «Дәрі-дәрмек» РМКК бас директоры.

2002-2033 жж - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің төрағасы.

2006 ж. - «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілері қауымдастығының басшысы.

2008 ж. - «Медициналық техника жеткізушілерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті. 

Соңғы жаңалықтар