ҚР Есеп комитетінің төрағасы Люксембург Ұлы Герцогтігінің Есеп соты Марк Женглэмен кездесті

None
None
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - ҚР Есеп комитетінің төрағасы Өмірхан Өксікбаев Люксембург Ұлы Герцогтігіне ресми сапары аясында аталған елдің Есеп соты Марк Женглэмен кездесті,

деп хабарлады Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, ынтымақтастық туралы келісім жасауға қызығушылық танытты.

Сонымен қатар методология саласында және жоғары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібінде тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді. Кәсіби оқыту және кадрлардың біліктілігін арттыру саласында өзара белсенді әрекеттесу жоспарлануда.

Люксембург Ұлы Герцогтігінің есеп соты - бұл мемлекеттік жоғары қаржылық бақылау орган.

Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар