ҚР Есеп комитетінің төрағасы Люксембург Ұлы Герцогтігінде ЕО Аудиторлар палатасының президентімен кездесті

None
None
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - ҚР Есеп комитетінің төрағасы Өмірхан Өксікбаев Люксембург Ұлы Герцогтігіне ресми сапары аясында Еуропалық Одақ Аудиторлар палатасының президенті Виктор Калдейрмен кездесті,

деп хабарлады Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан мен Еуропалық Одақтың қаржылық бақылау жоғары органдарының басшылары одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру саласында тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді. Тараптар кадрларды кәсіби дайындау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты кеңету, сонымен қатар Еуропалық одақ желісімен бөлінетін гранттарды тиімді пайдалануда бірлесіп бақылау жүргізу туралы уағдаласты.

Кездесу барысында ЕО Аудиторлар палатасының президенті Еуропалық одақтың мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің құқықтық негізі туралы әңгімеледі.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуге келісті.

Еуропалық одақтың Аудиторлар палатасы ЕО-ның және оның мекемелерінің бюджетін аудиторлық тексеру мақсатында 1975 жылы құрылған.

Соңғы жаңалықтар