ҚР Энергетика вице-министрі екі айға қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков екі айға қамалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2 наурыз күні Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты күдіктілер - Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновке қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде шешім шығарды», - дейді қалалық соттың ресми өкілі Ботагөз Баянова.
Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, 3 наурызда сот Бекзат Қадырберлин және Жан Нұрбековтерге қатысты да екі ай мерзімге қамауда ұстау шарасын қолдануға шешім шығарған.
Еске сала кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Энергетика министрлігі лауазымды тұлғаларының қылмыстық қызметінің жолы кесілгенін мәлімдеген.
Энергетика вице-министрі Ғ. Сәдібековке «Аймақ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д. Дуанбекпен сөз байласып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген ерекше ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж. Нұрбеков және мердігер ұйымның өкілдері С. Жұмалинов және Б. Қадырберлин де қатысқан.
Ғ. Сәдібеков, Ж. Нұрбеков, Д. Дуанбек, С. Жұмалинов және Б. Қадырберлиндер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Фото: nb.kz
- Елордада сырғанақтар қайда салынады
- Құпия сатып алушы теміржол көлігінде жемқорлық тәуекелді тексерді – Ақмола облысы
- Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өткізіледі
- Гонконгта ұсталған қазақ студентінің соты 2020 жылдың қаңтарында өтеді
-
Қазақстанның жыршы-термешілері елордада концерт-спектакль қойды
-
Елордада «Jastar Sinergiiasy» республикалық форумы өтіп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам