12.04.2023 10:07 Жыл басынан бері 138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам портал арқылы көмек алды АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
12.04.2023 05:32 Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 249 кәсіпорында 11,3 мың жұмыскердің алдында 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
11.04.2023 14:52 Жеңілдетілген микрокредит алуға жастардан 800-ге жуық өтінім түскен АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға жылдық 2,5%-бен берілетін микрокредит алуға 761 өтінім түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
10.04.2023 10:05 32 жылда Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы жыл басынан 4,5 мың астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. ҚазАқпарат бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
10.04.2023 00:48 Мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына жағдай жасамаған мекемелер ₸60 млн айыппұл төледі АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылы түрлі ұйымдар мүгедектігі бар адамдардың кіріп-шығуына жағдай жасамағаны үшін 60 млн теңгеден астам айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08.04.2023 08:45 Биыл 12 мыңға жуық жұмыссыз азамат кәсіби курстан өтті АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 44,4 мың азамат, оның ішінде 11,9 мыңға жуық жұмыссыз SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.04.2023 10:05 Анархан Дүйсенова Еңбек министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Анархан Қалиқызы Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
06.04.2023 10:50 Онлайн-жәрмеңкеде жұмыс берушілерге 500-ден астам адам түйіндемесін жіберді АСТАНА. ҚазАқпарат - Tanda.Enbek.kz порталында өткен онлайн бос орындар жәрмеңкесі барысында 540 адам бос жұмыс орындарына орналасу мақсатында жұмыс берушілерге түйіндемелерін жолдады. Іс-шараға барлығы 3,7 мыңнан астам жұмыс іздеуші қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
04.04.2023 12:04 Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінде қалды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
04.04.2023 11:14 Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі тиісті келісуден өтіп жатыр - министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат – Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі мемлекеттік органдарда келісуден өтіп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.04.2023 10:56 Еңбек нарығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу аяқталуға жақын – Тамара Дүйсенова АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова проактивті форматта қызмет көрсетуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.04.2023 10:19 Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жәрдемақы 14,5 пайызға көтерілмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Мүгедектігі бар азаматтарға, оларға күтім жасайтындарға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін тағы 14,5 пайызға көтеру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.04.2023 10:02 Биыл әлеуметтік төлемдер 2 миллионнан аса отбасыға беріледі – Тамара Дүйсенова АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылы әлеуметтік төлемдер аясында 2 миллионнан аса отбасыға 1,2 триллион теңге қаржы жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 14:14 Мемлекет кейібір санатқа енетін азаматтардың жалақысын толық субсидияламақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесін, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасатын адамдарға қойылатын талаптарды, олардың жалақысының мөлшерін және субсидиялау мерзімдерін бекіту туралы» Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 12:30 Министрлік мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілемек АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық-жобасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 09:38 Атаулы әлеуметтік көмек алған 94 мың отбасы өткен жылы кедейлік жағдайынан шықты АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 94 142 отбасы 2022 жылы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.03.2023 21:00 20 жыл стажы бар адамдардың зейнетақысы 30-50% көбейеді деген ақпарат жалған - министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы 30-50% арттыру туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.03.2023 15:40 Алтын және күміс алқалы аналарға жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.03.2023 13:40 Былтыр еңбек қауіпсіздігін сақтамау бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр еңбек қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.03.2023 13:13 Жергілікті жұмысшылар мен шетелдіктерді алалаған кәсіпорындарға 64,3 млн теңге айыппұл салынды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір лауазымды атқаратынына қарамастан, қазақстандыққа аз, шетелдікке көп жалақы төлеген кәсіпорындарға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.