16.05.2023 14:30 Еңбек министрлігі мен Яндекс.Такси азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған пилоттық жобаны бастады АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, интернет-платформамен қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16.05.2023 13:12 Жақында бір шешімге келеміз – Тамара Дүйсенова шахтерлердің зейнет жасын төмендету жайлы АСТАНА. ҚазАқпарат – Шахтерлердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі қашан шешілуі мүмкін? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 14:32 Мүгедектік жәрдемақысын тағайындау толығымен автоматтандырылды АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындауды толығымен автоматтандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.05.2023 04:00 Елімізде кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында 194,7 мың адам жұмысқа орналасты АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 286,2 мың адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сілтеме жасап.
11.05.2023 09:52 Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 426 кәсіпорынға 64,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05.05.2023 10:41 Ардагерлерге 4,6 млрд теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетіледі – министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 4,6 млрд теңге сомасына біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.05.2023 14:36 Мүгедектігі бар баласына күтім көрсететін 100,8 мың адам жәрдемақы алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 100 876 адам мүгедектігі бар баласына күтім көрсеткені үшін жәрдемақы алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.05.2023 13:54 Мүгедек баласы бар аналар зейнетке неліктен ерте шықпайды – министр жауабы АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.05.2023 11:01 6,1 мыңнан астам этникалық қазақ жыл басынан қандас мәртебесін алды АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.04.2023 20:08 Қазақстанда 50-60 жастағы 325 мың әйелдің табысы жоқ - Еңбек министрлігі АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 50-60 жастағы 325 мың әйелдің табысы жоқ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.04.2023 19:25 Елде еңбекке қабілетті жастағы 4,5 млн астам әйел бар АСТАНА. ҚазАқпарат – Елде еңбекке қабілетті жастағы 4,5 млн астам әйел бар. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.04.2023 16:24 Қазақстанның ұлттық парктерінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасалады АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Катаржина Вавьернияның кездесуі барысында мүгедектігі бар адамдар үшін ұлттық парктердегі қолжетімділікті кеңейтетін өтінішке қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28.04.2023 11:15 Қазақстандық кәсіпорындарда жыл сайын 1500-ден астам жазатайым оқиға болады - Еңбек министрлігі АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,5%-ға, қаза тапқандар саны 8,4%-ға азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.04.2023 10:02 Қазақстанда 14,4 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 417 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.04.2023 10:25 Шілдеден бастап 7 және одан көп бала тапқан аналардың жәрдемақысы өседі АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға төленетін жәрдемақы 7,4 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі. Тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.04.2023 22:56 Атырауда мүгедектігі бар адамдар үшін 150 орындық оңалту орталығы салынады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мүгедектігі бар адамдар үшін 150 орындық оңалту орталығы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.04.2023 19:40 Зиянды өндірісте 25 жыл жұмыс істегендерге зейнетақы төленуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зиянды еңбек жағдайында 25 жыл жұмыс істегендерге зейнетақы берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.04.2023 15:19 Мүгедектігі бар қазақстандықтар БҰҰ жанындағы комитетке шағымдана алады АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс қабылдаған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңның мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.04.2023 13:27 Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы екі есе өседі АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап орман және табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100 % мөлшерде қосымша ақы тағайындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25.04.2023 10:29 Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттен берілетін жөргектің саны 2 есе көбеюі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттен берілетін жөргектердің саны 2 есе көбейтілуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.