ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Жол картасына» байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

None
None
Л. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова өңірде «Жол картасына» байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда «Жол картасына» байланысты 4,2 миллиардтай теңге қарастырылған болатын. Қазіргі кезде барлығы 75 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аймақта жоспарға сәйкес 8823 жаңа жұмыс орны ашылды.

Министр жөндеу, қайта құру жұмыстары жүріп жатқан қала алаңдарында, әлеуметтік сала нысандарында болды. Түс қайта бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен кездесу өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар