ҚР Елшісі Македония Премьер-министрімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кеше,12 қазанда Скопье қаласында Қазақстан Республикасының Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы Нұрбах Рүстемов Македония Премьер-министрі Зоран Заевпен кездесті және Қазақстан-Македон қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму келешегі талқылады.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды жандандыруға,  жаңа өзара тауар айналымының көлемдерін ұлғайтуға және келісімдерге қол қою арқылы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге мүдделік білдірді.  

Аталған кездесуде екі елдің сауда саласындағы және іскерлік байланыстарына серпін беруге тиіс екіжақты үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия құру қажеттігі атап өтілді.  

Зоран Заев 2018 жылы Астана Экономика форумының жұмысына қатысуға қызығушылық білдірді.  

Македондық премьер-министр құқық саласындағы ынтымақтастыққа әзірлігін растады. Үкімет басшысы македон тарапы жарты жылда бір рет үш айға дейінгі мерзімде Македонияға келетін Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізу практикасын жалғастыратынын атап өтті.  

Қазақстан Елшісі әңгімелесушіні Қазақстанның сыртқы саяси және халықаралық бастамаларымен, республикамыздың даму бағдарламаларымен, шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық преференциялармен, Астанада өткізілген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қорытындысымен таныстырды, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылғандығы туралы хабардар етті.   

Сонымен қатар, Елшінің Македония Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесуі болды. 

Жүздесулерде македон тарапы екіжақты қарым-қатынастардың барлық саласы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделігін білдірді.  

Соңғы жаңалықтар