+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

2019 жылғы 17 маусым 16:50
Бөлісіңіз:
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетін (1999 ж.) және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірді (2003), Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (2010) тәмандаған.

2001-2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітіндісінің инженері болған. АҚШ және Малайзияда тәжірибеден өткен.

2004-2007 ж.ж. - Өндіріс жөніндегі менеджер (MI Drilling Fluids International компаниясының Ақтаудағы филиалының басшысы).

2007-2010 жылдары - «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.

2012-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың тамыз айынан бастап - ҚР Энергетика вице-министрі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақорда, Тағайындау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT