ҚР ДСМ комитетінің бұрынғы басшысы шетелдіктен пара алды деп күдіктелуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Назарбек Бейсен шетелдің кәсіпкерінен пара алды деген күдікпен ұсталған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, Әзербайжанның кәсіпкері Қазақстанға «Тизабри» препаратын әкелу үшін Н.Бейсенге 100 мың АҚШ доллар көлемінде пара бердім деп отыр. «Алайда Бейсен өз уәдесін орындамаған. Содан пара берген кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға арыз түсірді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті үйқамаққа алынды», - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін агенттік өкілдері парамен ұсталған бірнеше шенеуніктің видеосын жариялады. Олардың ішінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы,  сондай-ақ, «Кедентранссервистің» АҚ вице-президенті бар.  Бұдан бөлек, Жамбыл облысында түрме бастығының орынбасары алған параның видеосы көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар