ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медбұйымдарды сараптау ұлттық орталығы бас директорының орынбасары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұратжан Қажғалиев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының медициналық бұйымдар жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды.

Мұратжан Амангелдіұлы Қажғалиев 1985 жылы туған, білімі жоғары, 2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін биотехнология бакалавры біліктілігі бойынша, 2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін биология магистрі біліктілігі бойынша, 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Менеджмент» мамандығы, 2015 жылы Батыс Қазақстанның инновациялық-технологиялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Өз еңбек қызметін 2007 жылдың шілде айында «Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығы» АҚ МЛТИ техникалық қызмет көрсету және және жөндеу бөлімінің ЛТ техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша инженер лауазымынан бастаған.

2007 жылғы қарашадан бастап 2008 жылдың қазан айына дейін «Медико-Инновациялық технология» ЖШС жобаларды үйлестіруші болып жұмыс істеген.

2009 жылғы ақпан айынан бастап 2010 жылдың наурыз айына дейін «Diamond Cardio med» ЖШС медициналық техника және логистика бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс істеген.

2009-2015 жылдар аралығында ҚР ПІБ «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК медициналық жабдық бойынша инженері, медициналық техника бойынша қызмет көрсету бөлімінің бастығы, Астана . «№ 1 Қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК медициналық жабдық бойынша бөлімнің бастығы, «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ емдеу профилактикалық бөлімінің инспекторы, «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ есепке алу бойынша технигі болып жұмыс істеген. Сонымен қатар 2015 жылдың наурызы мен 2017 жылдың тамыз айы аралығында «Innovation Medical Engineering Center» ЖШС директоры, «ҚазМедТех» АҚ техникалық сараптама департаментінің директоры, Техникалық сараптама және мониторинг департаметінің директоры, Сараптама және лизинг алушылармен жұмыс департаментінің директоры сияқты басшылық лауазымдардында жұмыс атқарған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы 19 наурыздан бастап Медицина техникасын мониторингілеу орталығының басшысы лауазымынан бастады.

2020 жылдың 22 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК МБ бағалау бөлімінің І санаттағы маманы ретінде жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар