Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

ҚР ДСМ бәсекелестік ортаға берілген 4 қызметі бойынша ашық конкурс жариялады

2018 жылғы 10 тамыз 02:20 959
Бөлісіңіз:
ҚР ДСМ бәсекелестік ортаға берілген 4 қызметі бойынша ашық конкурс жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ бәсекелестік ортаға берілген 4 қызметін атқаруға қатысты мемлекеттік сатып алу жүргізу үшін ашық конкурс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Медицинаға - 8 міндет: Президент Ақтөбедегі форумда қандай тапсырмалар берді Мәжілісте науқастардың зейнетақы қорындағы жинақтарын алу мәселесі көтерілді

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоспар бойынша тәуелсіз бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға берілетін бірқатар функцияларды беру жұмыстары жүргізілуде. Ұлт жоспарының 97 қадамын орындау шеңберінде азаматтардың және кәсіпкерлік субъектілерінің шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігі жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес сатып алудың 4 бағыты бойынша ашық конкурс жүргізеді. Олар: Аналар мен перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудитін жүргізуге қатысты қызметтер; Қайта реттеу, бизнес үшін кедергілерді азайту және денсаулық сақтау саласында жекеменшік секторын дамыту; Қазақстанда денсаулық сақтауды стандарттау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар; Клиникалық хаттамаларды әзірлеу/қайта қарау.

Осы функциялар алғаш рет бәсекелестік ортаға берілген. Бұрын бұл жұмысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы мемлекеттік тапсырмасына сәйкес жүргізіп келген.

Конкурсқа қатысуға медициналық қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық орталықтар, медициналық университеттерді шақырылады.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT