ҚР ДСМ Ата Заңның 24 жылдығын салтанатты түрде атап өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ата Заңымыздың 24 жылдығын салтатантты түрде атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспаөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов бүкіл ұжымды атаулы күнмен ресми құттықтады.

Мерекеге қарай бірқатар ведомство қызметкері төсбелгімен марапатталып, министрдің атынан алғыс хат алды және жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтар адал еңбек етуге ант берді. Сонымен қатар, салтанатты шара соңында министрлік қызметкерлерінің биыл 1 сыныпқа оқуға баратын балаларына мектепке қажетті құрал-сайман салынған сөмке табыстады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған еді.




Соңғы жаңалықтар