ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алғандар туралы мәліметтерді жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 4 сәуірдегі мәліметтер бойынша 1,5 миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бұл туралы мәліметтер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вакцинаны ең көп салдырған қалалар арасында Алматы көш бастап тұр. Мұнда вакцинаны 228860 адам салдырған. Ал өңірлер арасында Алматы облысы тұр, бұл өңірде 164 351 адам егілген.

Вакцинаның екінші компонентін салдырғандар саны – 347474 адам.


Соңғы жаңалықтар