+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

ҚР Денсаулық сақтау министрі елімізде катамнез орталықтарын құруды тапсырды

2019 жылғы 13 қыркүйек 09:48
Бөлісіңіз:
ҚР Денсаулық сақтау министрі елімізде катамнез орталықтарын құруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов №2 қалалық көпбейінді аурухана базасындағы катамнез және оңалту бөліміне (катамнез орталығы) барды. Министр орталықтың жұмысымен танысып, медициналық мекеме мамандарымен көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да  JCI әлемдік стандартына сай алғашқы аурухана салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады 2020 жылдан медицина түлектерін аймақтарға бөлу автоматтандырылады

Жиында дүниежүзілік тәжірибені қолдана отырып, мүгедектік пен бала өлімін азайту арқылы перинаталдық патологияға шалдыққан балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты болды. Ерте шара қолданылған жағдайда мүгедектік пен бала өлімі азаяды. Бұл шара ҚР 2019-2021 ж.ж. бала және сәби өлімін төмендету бойынша жедел іс-шаралар жоспарының аясында көрініс тапқан.

Айта кету керек, №2 ауруханада катамнез бөлімшесі биыл ақпан айында бюджет негізінде ашылған. Әлемдік практикада перинаталдық патологияға шалдыққан балалар стационардан шыққаннан кейін жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балалардың өмір сүру сапасын қолдау мен арттыруға арналған мамандандырылған катамнез кабинеттерінде бақылауда болады. Бүгінде бөлімше мамандары шала туған шақалақтарды күтумен ғана емес, сонымен қатар болашақта сәбилердің денсаулығының одан әрі нашарлауына жол бермеуге көмектеседі.

«Катамнез орталығы» ЖШС директоры, жоғары білікті санатты неонатолог-дәрігер Балжан Тәтібекованың мәлімдеуінше, қазір бөлімшеде жаңа туған балаларды проспективті және ретроспективті бақылауда ұстайды.

Орталық ҚР 2019-2021 жылдары бала және сәби өлімін төмендету бойынша жедел іс-шаралар жоспарының аясында балаларды оңалту және реанимациялық қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында құрылған.

Ведомство басшысы Қазақстанда катамнестикалық қызметті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Е. Біртановтың айтуынша, осындай орталықтар атқаратын функциялардың маңыздылығын ескере отырып, оларды барлық жерде ашу қажет. Министр осы мәселені шешуді тапсырды.

- Мұндай орталықтарды қай өңірлерде құруға болатынын анықтауымыз керек, сарапшылардың пікірінше, олар балалар ауруханасы мен перинаталдық орталықтарда орналасқаны дұрыс. МСАК-пен тығыз байланыста жұмыс істеп және ақпараттық жүйемен интеграциялануы қажет. Сонымен қатар, мамандар жұмыс істеуі үшін хаттама мен стандарттар болуы тиіс, деді министр. Бұған қоса қажетті НҚА дайындау, орталықтарды медициналық жабдықтармен және медициналық кадрлармен қамтамасыз ету қажет екенін ескерді. Мұндай орталықтар бюджет есебінен қаржыландыратын болады.



«ММС қорында қажетті ақша бар, балалар сақтандырылады және медициналық қызмет тегін болады», - деді Е. Біртанов.

Министрлік жеке меншік катамнез орталықтарын да қолдайды.

Кеңесте ведомство басшысы жақында Денсаулық сақтау министрлігі жанынан әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жаңа басқарма ашу жоспарланғанын, ол мүгедектерді оңалтумен тікелей айналысатынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT