ҚР Денсаулық сақтау министрі әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов барша қазақстандық дәрігерлерді Медицина қызметкерлерінің күні мерекесімен құттықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің мамандық көп көңіл мен күшті талап етеді. Денсаулық сақтау министрі ретінде мен, ең алдымен, Сіздердің алдарыңызда бас иемін. Адамның өміріне араша түсу үшін қолдан келгеннің барлығын істеуге дайын шын білікті мамандарымызбен мақтанамыз", - деді министр.

Дәрігерлердің қиын жұмысына тоқталған Біртанов, 2016 және 2017 жылдары адам өмірін құтқарумен байланысты болған оқиғаларды еске алды.

"2016 жылы күзде толғағы қысқан әйел Жаңаөзеннен Ақтауға өзінің сіңілісімен бірге көлікпен шығып кетеді. Телефон арқылы ол әйелдің үлгермейтіні анықталды, дегенмен, санавиацияны жіберуге уақыт тапшы еді. Облыс орталығынан акушер Кенжебекова бастаған перинаталды орталықтың дәрігерлері жолға шығады, жол бойы Кенжебекова толғағы келген әйелмен телефон арқылы тілдесіп отырды және жол бойындағы дәмxанада баланы тудырып алады. Шақалақ та, жас ана да аман қалды. Ол өзінің бұл ісін батырлыққа санамайды, бұл - оның жұмысы. Біздің арамызда осындай абзал жандар көп", - деді Біртанов. 

"Павлодарда жергілікті зауытта жұмысшылардың бірі конвейерге құлап кетеді, оның қолын кесіп жіберген. Қан жоса болған жігіт пен оның қолы ауруxанаға жеткізілді. Оны мұздың ішінде алып келуге мүмкіндік болмады, сондықтан оны жұмыс киімге орап әкелген. Жарақаты аса ауыр еді, қол бұлшықеттері жыртылып, тіндеріне едәуір нұқсан келген екен. Травматологтар сүйегі мен сіңірін жинады, xирург Сәбит Жүсіпов жеті сағаттық ота жасады. Бір аптадан соң, пациент амбулаториялық бөлімге ауыстырылды. Жүсіповтің сөзінше, пациенттің жүрек-жарды алғысын есту үлкен бақыт", - деді ол.

"Жақында ғана Ұлттық ғылыми-медициналық орталығының кардиоxирургия бөлімшесінің дәрігерлері, кардиоxирург Бақытжан Нұркеев пен анестезиолог Әсел Қабақанова небәрі 700 грамм салмақпен туған нәрестенің жүрегіне ота жасады. Хирургтың айтуынша, сауығып кеткен баланы ата-анасына табыстаған кезде бұдан асқан бақыт жоқ", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Медицина саласының ең үздік мамандарын салтанатты жағдайда құттықтау барысында өз саласының xас мамандары "Үздік дәрігер", "Үздік ауыл дәрігері", "Үздік провизор", "Теxникалық білімі бар үздік медицина қызметкері", "Үздік менеджер - денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы", "Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы", "Санитарлық-эпидемиологиялық бейімдегі үздік дәрігер", "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы" атаулары бойынша марапатталды.

Соңғы жаңалықтар